«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026» АМАНКЕЛДІЛІК БҰРХАНОВТАР ӘУЛЕТІ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сырдария ауданында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының «Отбасы – бақыт мекені, ұрпақ – елдің ертеңі» атты аудандық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.
Байқаудың аудандық кезеңінде Аманкелді ауылдық округінің атынан қатысқан Бурхановтар әулеті жүлделі ІІ орынға ие болып, «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне жолдама алды.
Бурхановтар әулеті – отбасы құндылықтарын берік ұстанып, кейінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие мен ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп келе жатқан тағылымды отбасы.
Аталған байқау – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өнегелі отбасылардың үлгі-өнегесін кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды бастама.
Аманкелді ауылдық округінің атынан облыстық кезеңге жолдама алған Бурхановтар әулетін бұл айтулы жетістігімен құттықтаймыз!
Алдағы облыстық кезеңде де биіктен көрініп, ауданымыздың абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!
Аманкелді а/о әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1274539?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді