
Жетісу облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық есепте тұрған адамдарға бақылауды күшейту мақсатында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Екі күн ішінде тұрғылықты мекенжайлары бойынша профилактикалық есептің әртүрлі түрлерінде тұрған 778 адам тексерілді.
Тексеру барысында есепте тұрған тұлғалар тарапынан жасалған 39 құқық бұзушылық анықталды. Бір материал бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғаны жазасын өтеуге қайта жіберу мәселесін шешу үшін құжаттар сотқа жолданды.
Профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, заңнама талаптарын түсіндіруде және қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында заңда көзделген шараларды қабылдауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1274055?lang=ru

Жауап қалдыру