Қамыстыда 5 отбасы баспаналы болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қамысты ауданына барған жұмыс сапарында 5 отбасыға таза әрленген, әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды.

Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік қорғауға, әсіресе аға буын өкілдеріне лайықты жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі.

«Ауданда соңғы үш жылда 120 отбасы баспаналы болды. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларға арналып тағы 36 пәтер салынуда», – деді аймақ басшысы салтанатты шарада.

Айта кету керек, аудандағы бизнес субъектілері тұрғын үй құрылысын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. 2023 жылдан бастап жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 840 млн теңге болатын 34 тұрғын үй салынды.

Жалпы, соңғы 3,5 жылда облысымызда шамамен 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 18 мыңнан астам отбасы өз жағдайын жақсартты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1274567?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді