Қазіргі ғылыми деректер вакцинация мен аутизм арасындағы байланысты растамайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2010–2025 жылдар аралығындағы вакцинация, тиомерсал және аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) арасындағы ықтимал байланысқа қатысты ғылыми деректердің жүйелі шолу-талдауын жаңартты.
Негізгі қорытынды: сапалы ғылыми зерттеулер вакцинацияның аутизмді туындататынын растамайды.
Шолуға 36 ғылыми жарияланым: 31 зерттеу және 5 мета-талдау, сондай-ақ жалпы ғылыми контексті бағалау үшін 21 шолу енгізілді.
Зерттеулер мен мета-талдаулар вакцинация мен аутизм арасында себеп-салдарлық байланыстың жоқ екенін растады.
Осылайша, қазіргі ғылыми деректердің жиынтығы вакциналардың аутизм немесе нейро дамудың басқа да бұзылыстарының даму қаупін арттыратынын растамайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1274255?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді