Qyzylzhar Investment Forum: Құны 1,3 трлн теңгеден асатын инвестициялық жобалар бойынша жиырма бес меморандумға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларына сәйкес инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Петропавл қаласында мемлекеттік органдардың, «Қазақстанның Даму Банкі», «Өнеркәсіпті дамыту қоры» өкілдерінің, Қытай («Myande», «Guolian», «Gushun»), Түркия («Tiryaki», «YDA»), Италия («Prosol») отандық және шетелдік инвесторларының қатысуымен «Qyzylzhar Investment Forum – 2026» форумы өтті.

Форум жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ержан Дүйсекенов, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтанов қатысты. Қатысушыларға өңірдің инвестициялық әлеуеті, жетекші кәсіпорындардың өнімдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, теміржол және өнеркәсіптік техниканың заманауи үлгілері таныстырылды. Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 1,3 трлн теңгеден асатын инвестициялық жобаларды іске асыруға 25 меморандумға қол қойылды.

Ірі жобалардың қатарында «Atameken-Agro Oils» ЖШС мен «Tiryaki Agro» түрік компаниясының май экстракциялау зауытының құрылысы, сондай-ақ «Tin One Mining» ЖШС компаниясының Сырымбет кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасын іске асыру бар.

Оларды жүзеге асыру өңірдің өндірістік әлеуетін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Форумда сөйлеген сөзінде облыс прокуроры Ержан Дүйсекенов прокуратура органдары инвесторларды құқықтық қорғауды, инвестициялық жобалардың іске асырылуын сүйемелдеуді және өңірде қолайлы инвестициялық климат құру бойынша шаралар қабылдауды әрі қарай да қамтамасыз ететінін атап өтті.

                                          Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1274167?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді