
Павлодар облысы полициясының ресми аккаунтының direct желісіне жол қозғалысы ережесінің бұзылғаны түсірілген бейнежазба келіп түсті.
Кадрлардан Lada маркалы автокөлік жүргізушісінің Академик Марғұлан – Толстой көшелерінің қиылысындағы жол қиылысына шығып бара жатып, басқа жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдығы мен қозғалыс бағытын өзгертуге мәжбүр етіп, авариялық жағдай туғызғаны көрінеді.
– Жүргізуші анықталды. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері авариялық жағдай туғызған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін шамамен 500 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, кез келген маневрді бастамас бұрын оның қауіпсіз екеніне көз жеткізуді, жолдағы жағдайды ескеруді және басқа жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтірмеуді еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1274233?lang=ru

Жауап қалдыру