
Жуалы ауданы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шөп қораларындағы өрттердің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, шөп пен сабанды қауіпсіз сақтау талаптарын түсіндірді. Тұрғындарға шөп пен сабанды электр сымдарына, пештерге және басқа да жылу көздеріне жақын орналастырмау, шөп қораларының айналасын құрғақ шөп пен қоқыстан үнемі тазалап отыру қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ шөп сақталатын орындарда ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол бермеу керектігі айтылды. Бұдан бөлек, балалардың шөп қораларында ойнауына жол бермеу және темекі тұқылдарын бейберекет тастамау жөнінде ескертулер берілді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1274278?lang=ru

Жауап қалдыру