“Таза Қазақстан” акциясы: Абай облысында 61 қоқыс үйіндісі тазартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Абай облысында қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар заманауи технологиялардың көмегімен күшейтілуде. “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында облыс полицейлері рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиімді пайдалануда.

     Дрондардың көмегімен елді мекендер мен оларға іргелес аумақтарға, көлік бара алмайтын жерлерге тұрақты бақылау жасауға болады. Бұл заңсыз қоқыс тастау, тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға шығару және табиғи аумақтарды ластау фактілерін жедел анықтап, тіркеуге мүмкіндік береді.

     Жыл басынан бері облыс аумағында 61 қоқыс үйіндісі жойылды.

— Біздің міндетіміз тек құқық бұзушылықты анықтаумен шектелмейді. Қоршаған ортаны қорғау — баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан заманауи технологияларды қолдану арқылы бақылауды күшейтіп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да басымдық береміз, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

     Қоршаған ортаның тазалығы әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға, табиғатты ластамауға және туған өлкенің экологиялық тазалығын сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1274281?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді