“Заң мен тәртіп”: полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ернар Базаров Индер ауданындағы «Жас Өркен» лагерінің балаларымен кездесті.
Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер балалардың қауіпсіздігі – басты назарда екенін атап өтіп, кез келген жағдайда сақтық танытып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар арнайы мақсаттағы жасақ қызметкерлері полиция қызметінің ерекшеліктерін таныстырып, қорғаныш шлемдері мен арнайы құрал-жабдықтарды көрсетті. Бүлдіршіндерге қызмет барысында қолданылатын дрондардың мүмкіндіктері таныстырылып, олардың жұмыс істеу тәртібі көрсетілді. Іс-шара аясында балалар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, бүлдіршіндер шапшаңдық, ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, полиция қызметіне деген қызығушылығын арттыруға және құқықтық сауаттылығын нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1274547?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді