
Заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша көшпелі семинар
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жоспарын және Комитеттің 2026 жылғы 25 мамырдағы аппараттық кеңесінің хаттамасын орындау мақсатында Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылғы 11 тамызда Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне арналған көшпелі семинар өткізді.
Семинар барысында Кәсіпкерлік кодекстің, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормалары түсіндірілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды.
Сонымен қатар, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шығарған жеке ұйғарымдар талданып, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау кезінде процестік нормалардың сақталу мәселелері түсіндірілді.
Семинар барысында қызметкерлерге процестік құжаттарды дұрыс рәсімдеу бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1274260?lang=ru

Жауап қалдыру