ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындық барысы және «Мектепке жол» республикалық акциясының жүзеге асырылу барысы бойынша кеңес өтті.

Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Зауре Абдирасилова білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде баяндады.

Бөлім басшысы мектептердегі жөндеу жұмыстарының барысы, оқу кабинеттерінің әзірлігі, материалдық-техникалық базаны қамтамасыз ету, қажетті құрал-жабдықтармен қамту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды айтты.

Сонымен қатар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» акциясының іске асырылу барысы қаралды. Акция аясында балаларды мектепке қажетті оқу құралдары, киім-кешек және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жиын барысында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов мектептердің жылыту маусымына дайындығын алдын ала қолға алып, жылу жүйелерін, қазандықтар мен қажетті құрал-жабдықтарды тексеру жұмыстарын уақытылы жүргізуді тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігін атап өтті.

Басты мақсат – оқушыларға жаңа оқу жылында қауіпсіз, жайлы әрі сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1274003?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді