Жастар күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 тамыз «Жастар күніне» орай, Аягөз қаласының орталық алаңында, жастар ресурстық орталығы мен аудандық мәдениет үйімен бірлескен жалынды жастың жігерін, өнері мен шығармашылығын дәріптейтін көңілді мәдени шара болып өтті. Концерт барысында жас өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен ән, би және музыкалық композициялар орындалды. Бағдарламада заманауи эстрадалық әндермен қатар, ұлттық өнер үлгілеріне де кеңінен орын берілді. Мерекелік кеште жастарға арналған жүрекжарды құттықтаулар айтылып, белсенді әрі талантты жастардың еңбегі мен жетістіктері атап өтілді. Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын қызықты музыкалық бағдарламалар мен шығармашылық қойылымдар ұсынылды.

Концерттің негізгі мақсаты – жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілетін қолдау, елжандылыққа тәрбиелеу және жастар арасында достық пен бірлікті нығайту.Мерекелік кеш «Жастар – ел болашағы» деген ұстаныммен қорытындыланып, барлық қатысушыларға ізгі тілектер білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/1274041?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді