
Атырау облысының Құрманғазы ауданында табиғаттың ерекше көркі – лотос гүлінің гүлдеу кезеңіне арналған Lotus Fest – 2026 фестивалі өз жұмысын бастады.
Екі күнге жоспарланған фестивальге аудан тұрғындарымен қатар, еліміздің әр өңірінен келген қонақтар мен шетелдік туристер қатысуда. Фестиваль алаңына алғашқы сағаттардың өзінде 2 мыңға жуық адам жиналды.
Мерекелік шара аясында қонақтарға мәдени-көпшілік бағдарламалар, ұлттық спорт жарыстары, қолөнер жәрмеңкесі, ұлттық тағамдар, балаларға арналған ойын-сауықтар мен концерттік бағдарлама ұсынылады. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде танымал қазақстандық әнші Қуандық Рахым өнер көрсететін болады.
Фестивальдің басты ерекшелігі – қонақтардың Қиғаш өзені бойымен қайықпен серуендеп, табиғи жағдайда гүлдеген әсем лотос алқабын тамашалау мүмкіндігі.
Lotus Fest – 2026 Атырау облысының туристік әлеуетін танытып, Құрманғазы ауданының бірегей табиғи мұрасын насихаттауға және экотуризмді дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1274687?lang=ru

Жауап қалдыру