
Алматы қаласы Балалар құқын қорғау басқармасының қызметкерлері Наурызбай ауданының жастары мен белсенділеріне арналған маңызды оқыту-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге есірткіге қарсы күрес және киберқылмысқа қарсы күрес басқармаларының өкілдері де қатысып, жастарға өте маңызды әрі өзекті ақпараттар берді. Шара барысында жас буынға құқықтық сауаттылық, жазғы кезеңдегі қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың, лудоманияның, киберқылмыстың және есірткі заттарының таралуының алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды. Қандай да бір төтенше жағдайлар орын алғанда дереу хабарласу қажет арнайы қызметтер мен сенім телефондары аталып өтіп, қатысушыларға пайдалы ақпараттық парақшалар таратылды.
Жастардың болашағы мен қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз! Қауіпсіздік ережелерін бірге сақтайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1274713?lang=ru

Жауап қалдыру