Жетісу облысының прокуратурасы мемлекет кірісіне әкімшілік айыппұлдың толық өндіріліп түсуін қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде тағайындалған әкімшілік айыппұл мөлшері ұлғайтылды.

Панфилов аудандық сотының қаулысымен халықаралық мультимодальды логистика саласында қызмет атқаратын АҚ-ның филиалы ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабының 2) тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік айыппұл мөлшері 206,9 млн теңге көлемінде белгіленді.

Сонымен қатар, сот әкімшілік айыппұл мөлшерін айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 44-бабы талаптарын толық ескермеген. Осыған байланысты Панфилов ауданының прокуратурасы апелляциялық өтінішхат енгізді.

Апелляциялық сатыдағы сот прокуратураның ұстанымын қолдап, әкімшілік айыппұл мөлшерін 262,6 млн теңгеге дейін ұлғайтты.

Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде мемлекет кірісіне қосымша 55,7 млн теңге өндіріліп алынуы қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда 262,6 млн теңге мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл мемлекеттік бюджетке толық төленді.

Облыс прокуратурасы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекет мүддесін қорғау бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1274671?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді