Абай ауданы білім бөлімінің “Медеу орта мектебі” КММ жаңа директор тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Медеу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұратов Әділет Нұрланұлы 2026 жылдың «03» тамыз күнінен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдарына жарияланған конкурс нәтижесінің оң қорытындысы және жасалған еңбек шарты негізінде директор болып тағайындалды.

Тағайындалған жаңа директорды Абай ауданы білім бөлімінің басшысы Б. Скакова мектеп ұжымымен таныстырды.

Еңбек жолын 2018 жылы Абай аудандық соты кеңсесінде бастаған. 2018–2023 жылдары «ЖББ Қарауыл гимназиясы»КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және әлеуметтік педагог қызметтерін атқарған. 2023–2025 жылдары Абай атындағы ММГИ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әлеуметтік педагог болып еңбек етті. 2025 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жалпы орта білім беретін мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Әділет Нұрланұлының алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-roo/press/news/details/1274723?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді