Бүгін елімізде Спорт күні атап өтіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Бұл – еліміздің көк туын халықаралық жарыстарда желбіретіп жүрген кәсіби спортшыларға ғана емес, спортты өмір салтына айналдырған барша азаматқа ортақ мереке.

Бүгінде Қазақстанда спорт саласын дамытуға, әсіресе балалар мен бұқаралық спортты қолдауға басымдық беріліп отыр. Өңірлерде жаңа спорт нысандары салынып, спорт секцияларының қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастамалардың барлығы азаматтардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Спорт күні құтты болсын! Барша спортшыларға және спорт сүйер қауымға толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1274751?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді