Көрерменнен – қорғаушыға: студенттер қауіп-қатерді жүзеге аспай тұрып қалай тануды үйренуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысында жастардың интернет кеңістігіндегі деструктивті әсерге төзімділігін арттыруға бағытталған «Ұшқын жасақ» ауқымды алдын алу жобасы іске асырылды.
Бастама өңірдің 33 колледжінің бірінші курс студенттерін қамтыды. Жалпы қамту 2000-нан астам адамды құрады, бұл ақпараттық қауіпсіздік пен жастарды заңсыз әрекеттерге тартудың алдын алу жұмыстарындағы жүйелі әрі жан-жақты тәсілдің маңыздылығын айғақтайды. Жобаның басты бөлігі: «Интернет-кеңістікте арбау әдістері мен өзін-өзі қорғау» тақырыбындағы дәріс болды. Сөз сөйлеу барысында қатысушыларға қаскүнемдердің пайдаланатын негізгі құралдары мен әдіс-тәсілдері жан-жақтыі түсіндірілді: әлеуметтік желілерде сенімді байланыс орнатудан бастап, психологиялық қысым, оқшаулау және жалған құндылықтарды қалыптастыру арқылы манипуляцияға дейін баяндалды. Осындай қауіп-қатерлерді тану жөніндегі практикалық ұсыныстарға және цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.
Жобаның бірегей ерекшелігі интерактивті формат арқылы теориялық білімді бекіту болды. Студенттер онлайн-іріктеудің нақты сценарийлерін көрнекі түрде көрсететін театрландырылған көріністерді өз бетінше дайындап, ұсынды. Қойылым барысында арбаудың негізгі кезеңдері көрініс тапты: байланыс орнату, біртіндеп әсер ету, манипуляциялар және бақылау әрекеттері. Мұндай формат аудиторияның тартылу деңгейін арттырып қана қоймай, қатысушылардың арасында қауіп-қатер тетіктерін іс жүзінде түсінуді қалыптастыруға мүмкіндік берді.
«Тең-теңге» әдісін қолдану қабылдау тиімділігін арттырды: құрдастар арқылы берілетін ақпарат сенімдірек және эмоционалды қабылданады, бұл жастар аудиториясымен жұмыс істеуде ерекше маңызды.
Іс-шаралар аяқталғаннан кейін студенттер талқылауға белсенді түрде кірісіп, өз бақылауларымен бөлісіп, күнделікті сандық тәжірибелеріндегі нақты жағдайларға қатысты сұрақтар қойғаны ерекше. Бұл тек қызығушылықты ғана емес, интернет кеңістігіндегі жеке қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасты қалыптастыруды да білдіреді.
Осыған байланысты іске асырылған жұмыс форматы өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтуге болады. Теориялық база мен практикалық пысықтаудың үйлесімі ақпаратты жеткізуге ғана емес, сонымен қатар әлеуетті қатерлерді тану дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді. Студенттердің өздерін профилактика процесіне тарту сыни ойлауды дамытуға және деструктивті контентті қабылдамаудың орнықты ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Осылайша, «Ұшқын жасақ» жобасы жастармен профилактикалық жұмыстың пәрменді құралы ретінде көрініс табады және білім беру ортасында одан әрі масштабтауға ұсынылуы мүмкін.

Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1274744?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді