Қауіпсіз балалық шақ: Алматы облысында әскери-спорттық ойын өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 2026 жыл – “Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі” жылы аясында Алматы облысы Қонаев қаласындағы “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ұйымдастыруымен әскери-спорттық ойын өтті
    Іс-шараға 285 бала, әкімшілік полиция комитетінің өкілдері, Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері, прокуратура, білім беру саласының өкілдері, балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы мамандар, “Балдәурен” орталығының педагогтері және қонақтар қатысты.

    Әскери-спорттық ойынның басты мақсаты – балалардың дене дайындығын жетілдіру, әскери-патриоттық тәрбиені нығайту, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, командалық жұмыс пен өзара көмек дағдыларын дамыту, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыру.       Ойын барысында қатысушылар әскери-қолданбалы бағыттағы бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Балалар шапшаңдық, ептілік, дәлдік пен төзімділіктерін көрсетіп, командалық рух пен ұйымшылдықтың маңызын танытты.

    Іс-шара аясында арнайы бөлімше қызметкерлері мен кинологтардың көрсетілімдері ұйымдастырылып, балалар полиция қызметінің ерекшеліктерімен танысты.

     Ойын қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар кубок, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.

    Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, заңға құрмет, тәртіптілік, жауапкершілік және командалық рух қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/police/press/news/details/1274763?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді