Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Сайран шағынауданында кезекті аудандық сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Сайран шағынауданында кезекті аудандық сенбілік өтті.

Сенбілікке аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері, құтқару және коммуналдық қызмет мамандары, еріктілер, белсенділер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен жастар қатысты. Жалпы тазалық жұмыстарына 200-ден астам адам атсалысты.

Сенбілік барысында көше бойлары, жасыл аймақтар, қоғамдық кеңістіктер мен кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтар тазартылып, ретке келтірілді.

Жұмыстарға 50 коммуналдық қызметкер, 9 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 70 м³ қоқыс шығарылды.

Ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1275407?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді