
Әуезов ауданында жастар арасында волейболдан аудан әкімінің кубогы өтті
Спорт күніне орай Әуезов ауданында жастар арасында волейболдан аудан әкімінің кубогы ұйымдастырылды. Турнирге ауданның волейбол командалары қатысып, тартысты ойындарда өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын — «ИМПУЛЬС» командасы
ІІ орын — «Алматы» командасы
ІІІ орын — «АУРА» командасы
Жеңімпаздар арнайы кубоктармен және жүлделермен марапатталды.
Турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты нығайтуға және спортқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1275411?lang=ru

Жауап қалдыру