АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

https://www.instagram.com/reel/DcDbSeACOz3/?igsh=MTl5OTFwb3VyYTFyZQ==

Аудан әкімдігінің ғимаратында аудан кәсіпкерлері мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Д. Убайдуллин, аудандық басқармалар мен бөлімдердің басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Halyk Bank», «Отбасы банк» өкілдері және аудан кәсіпкерлері қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамытуға және бизнесті қаржыландыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Атап айтқанда, «Іскер аймақ», «Өрлеу», «Ауыл аманаты» бағдарламалары, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Жайлау», «Игілік», «Береке» бағдарламаларының негізгі талаптары мен мүмкіндіктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері, несие алу шарттары, мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалану және кәсіпкерлік жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1274805?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді