
2026 жылғы 19 тамызда сағат 10:00-де аудан әкімдігі ғимаратында заң көмегін ұйымдастыру және көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өтеді.
Қабылдауға Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Кәдөш Нұржан Серікұлы, сондай-ақ нотариустар, заң консультанттары, жеке сот орындаушылары және адвокаттар қатысады.
Қабылдау барысында азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық мәселелер бойынша мамандардан тегін кеңес алып, сұрақтарына жауап ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-boroduliha/press/news/details/1275425?lang=ru

Жауап қалдыру