Балалардың қауіпсіздігі үшін түнгі бақылау: ШҚО полициясы профилактикалық жұмысты күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың қауіпсіздігі үшін түнгі бақылау: ШҚО полициясы профилактикалық жұмысты күшейтуде

Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полицияның профилактикалық жұмысының басым бағыттарының бірі болып саналады.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру органдарының өкілдерімен бірлесіп, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және түнгі уақытта ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтауға бағытталған профилактикалық рейдтерді тұрақты түрде өткізеді.

Рейдтер барысында инспекторлар жастар көп жиналатын орындарды — сауда орталықтарын, интернет-кафелерді, саябақтар мен скверлерді, демалыс орындарын және басқа да қоғамдық орындарды тексереді.

Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды өкілдерге қатысты тиісті шаралар қабылданады.

ШҚО ПД ата-аналарға ескертеді: баланың қауіпсіздігіне жауапкершілік ең алдымен ересектерге жүктеледі. Баланың қайда және кіммен жүргенін білу, оның уақытын қалай өткізетінін бақылау және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеу маңызды.

Балаларыңызды қорғаңыздар және олардың қауіпсіздігіне мұқият болыңыздар.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1274800?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді