
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Отырыс Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Каюповтың қатысуымен, облыстық мәслихат төрағасы М.Мұқаевтың төрағалығымен өткізілді. Жиынға тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, сондай-ақ құрылыс нысандарының тізбесі, «Батыс Қазақстан облысының Құрметті азамат» атағын беру қағидалары және елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бекіту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру, жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау тәртібі, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарына тегін медициналық көмекті қосымша ұсыну жөніндегі мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1274920?lang=ru

Жауап қалдыру