
Интеллект пен тәртіп: Қазақстан Республикасы Фельдъегерлік қызметінің 35 жылдығына арналған шахмат турнирі өтті
Қазақстан Республикасы Фельдъегерлік қызметінің 35 жылдық айтулы мерекесі қарсаңында Семей, Өскемен, Павлодар, Петропавл және Көкшетау өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлерін бас қосқан тартысты әрі тартымды шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Манапов қатысты. Ол өз құттықтау сөзінде жеке құрамды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтап, осы саланың маңызды міндеттерін атап өтті. Сондай-ақ шахмат ойыны күнделікті жауапты қызметте аса қажет болатын стратегиялық ойлау мен төзімділікті шыңдайтынын баса айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс тартысты, сонымен қатар өте достық жағдайда өтті. Қатысушылар жоғары шеберлік пен тактикалық икемділік танытып, әрбір ойынды тартымды бәсекеге айналдыра білді.
Қызықты интеллектуалды бәсеке қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды. Бұл шара алдағы жеңістерге үлкен серпін беріп, мерейлі жылдағы ұжымдық рухты нығайтуға қосылған зор үлес болды!
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1274793?lang=ru

Жауап қалдыру