Интернеттегі инвестициялық алаяқтықтан сақ болыңыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер, мессенджерлер және интернет-платформалар арқылы ұсынылатын күмәнді инвестициялық жобалардан сақ болуға шақырады. Алаяқтар өздерін брокер, инвестициялық компания қызметкері немесе қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, “жоғары табыс”, “кепілді пайда” “тәуекелсіз инвестиция” ұсынады. Алғашында аз мөлшерде ақша салуды сұрап, жалған сайт немесе қосымша арқылы қаражаттың өсіп жатқанын көрсетеді. Кейін “инвестицияны көбейту”, “комиссия төлеу”, “шотты бұғаттан шығару” деген сылтаумен қосымша ақша талап етеді. Ақшаны шешіп алу кезінде сайт істемей қалады, аккаунт бұғатталады немесе “кеңесші” байланысқа шықпайды. Салдарынан азамат қаражатынан айырылады. ️ Алаяқтықтан сақтану жолдары 100% кепілдікпен жоғары табыс уәдесіне сенбеңіз. “Бірнеше күнде ақшаңызды бірнеше есе көбейтеміз” деген ұсыныстардан сақ болыңыз. Тез шешім қабылдауға мәжбүрлейтін адамдарға сенбеңіз. Бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша ақша аудармаңыз. Карта деректері, CVV және SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз. Сақ болыңыз! Қаржылық қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда! ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1274771?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді