Касаийдің бірегей тұрғыны – Каспий итбалығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Каспий теңізінде табиғаттың нағыз ғажайыптарының бірі – Каспий итбалығы мекендейді.

Оның басты ерекшелігі – Жер шарында тек Каспий теңізінде ғана кездесуі. Яғни бұл жануарды табиғи ортада әлемнің басқа ешбір жерінен көре алмайсыз.

Каспий итбалығы өмірінің басым бөлігін суда өткізеді. Қорек іздеп ұзақ қашықтықтарды жүзіп өтеді. Ал қыста Каспийдің солтүстік бөлігіндегі мұзды алқаптар ерекше маңызға ие – аналықтары мұз үстінде күшіктейді.

Алайда Каспийдің осы бірегей тұрғыны ерекше қорғауды қажет етеді. Теңіздің ластануы, балық аулау құралдарына кездейсоқ түсуі, мекен ету ортасының өзгеруі және басқа да факторлар оның популяциясына әсер етеді.

Қазақстанда Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілген және мемлекет қорғауында. Түрдің жағдайын зерттеу, санын есепке алу және мекен ету ортасын сақтау бағытында ғылыми мониторинг жүргізіледі.

Каспий итбалығын қорғау – бір ғана жануарды қорғау емес. Бұл Каспий теңізінің тұтас экожүйесін және әлемде баламасы жоқ табиғи мұрамызды сақтау. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1274798?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді