
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында заңнамалық актілерді әзірлеуге және қабылдауға қосқан елеулі үлесі үшін Комитет төрағасының орынбасары М.Т. Рахимжанова, сондай-ақ басқарма басшылары Н.Ж. Ерубаев пен Н.М. Қисабеков «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Бұл марапат олардың заңнамалық бастамаларды әзірлеу мен ілгерілетуге, халық денсаулығын қорғау тетіктерін жетілдіруге және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы заңнаманың тиімділігін арттыруға қосқан кәсіби үлесінің мойындалуы болды.
Комитет ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, кәсіби қызметтерінде одан әрі табыс тілейді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1275120?lang=ru

Жауап қалдыру