Мемлекеттік қызметшілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік міндеттерін сапалы орындауына жағдай жасау және заң талаптарын сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) негізгі талаптары;
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормалары; «Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптар мен мемлекеттік қызметшілердің міндеттері; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстары барысында мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Заң талаптарын білу және оны бұлжытпай орындау – мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1274895?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді