«Орлёнок» лагерінде ЖЖИ слетіне қатысушылар үшін мазмұнды күн өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Орлёнок» балалар сауықтыру лагерінде 21-ші Жас инспекторлар слетіне қатысушылар үшін мазмұнды күн ұйымдастырылды. Балалар таңғы жаттығу жасап, түрлі байқауларға қатысып, би кешінде көңіл көтерді.

Сонымен қатар Қазақстанның 20 облысы мен ТМД-ның 6 елінен келген патрульдік полицияның үгіт-насихат бөлімшелерінің қызметкерлері тестілеуден өтіп, кейін өзара тәжірибе алмасты және профилактикалық жұмыстардың тиімді әдістерін талқылады.

Жас инспекторлар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабаққа қатысып, қажетті дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгерді. Сондай-ақ бөлімшелердің өкілдері де алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-stepnoi/press/news/details/1275074?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді