
Солтүстік Қазақстан полицейлері көшеге шығып, «ашық микрофон» форматында тұрғындардың қарапайым сұрақтарға жауаптарын жазып алды. Олар «Отбасы сіз үшін нені білдіреді?», «Қиын сәттерде отбасын сақтауға не көмектеседі?» деген сұрақтарға жауап берді.
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында өзара сыйластық пен сенімнің орнын агрессия басқан кезде туындайтын отбасылық жанжалдардың салдарымен жиі кездеседі.
Жыл басынан бері СҚО-да отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 44 қылмыс және 1784 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл сандардың артында жанжал, зорлық-зомбылық және оның салдарына тап болған нақты отбасылар тұр.
Полицейлер «Отбасы — құқықтық тәртіптің негізі» профилактикалық акциясы аясында ашық микрофон ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары қарапайым жауаптар көрермендерді бір сәт аялдап, ойлануға жетелейді деп сенеді. Өйткені қауіпсіз отбасы өзара сыйластықтан, сенімнен және бір-біріне деген қамқорлықтан басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1275470?lang=ru

Жауап қалдыру