
Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға жол бермеу мақсатында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілуде. Полиция қызметкерлері азаматтардың тұрмыс жағдайына назар аударып, құқық бұзушылыққа бейім тұлғалар тарапынан заң талаптарының сақталуын бақылауда.
Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға отбасындағы жанжалдарды ушықтырмау, бір-бірінің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу және құқық бұзушылыққа жол бермеу қажеттігі түсіндірілуде.
Полиция қызметкерлері азаматтарға заң талаптарын сақтау, отбасындағы қолайлы ахуалды қалыптастыру және қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жағдайда полицияға дер кезінде хабарласудың маңыздылығын жеткізуде.
«Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясындағы профилактикалық жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жалғасуда.
https://www.instagram.com/reel/DcDUlvUOilL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1275181?lang=ru

Жауап қалдыру