Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес еліміздің заң шығарушы және өкілді билік органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес еліміздің заң шығарушы және өкілді билік органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.

Марапат иелері қатарында Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының бұрынғы депутаттары, әр жылдардағы облыстық мәслихат депутаттары, аудандық және қалалық мәслихат төрағалары мен аппарат басшылары бар.

Мерейтойлық медаль – ел игілігі жолындағы көп жылғы еңбектің, заң шығару және өкілді билік саласын дамытуға қосқан үлестің, халықтың талап-тілегін жеткізіп, азаматтардың мүддесін қорғаудағы табанды қызметтің лайықты бағасы.

Елге қызмет ету – үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Бірлескен еңбегіміз әрдайым халық игілігіне бағыттала берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1274939?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді