Қазақстандықтар ХҚКО-ларда 1,5 миллионнан астам төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеке куәлік пен төлқұжаталу – қазақстандықтар арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын миллиондаған азамат осы құжаттарды рәсімдеу үшін ХҚКО-ларға жүгінеді. Қызметті тез әрі ешқиындықсыз алу үшін рәсімдеу тәртібін алдын ала білген жөн.

2026 жылдың бірінші жарты жылдығында қазақстандықтарға 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен төлқұжат берілді.       Ең жоғары сұраныс дәстүрлі түрде демалыс пен саяхатма усымына тұспа-тұс келіп, маусымайында 269 мыңнан астам құжат рәсімделді. Төлқұжат пен жеке куәлікті ХҚКО-да тез әрі ыңғайлы рәсімдеу үшін нені білу қажет?

Төлқұжатрәсімдеу

Төл құжатты тіркелген жеріңізге қарамастан, Қазақстанның кезкелген ХҚКО-сында рәсімдеуге болады, өйткені қызмет экстерриториялық қағидат бойынша көрсетіледі.

Төл құжатты алғаш реет алу үшін жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Егер төл құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын болса, оны алдын ала ауыстырған жөн. Бұл ретте төл құжатты уақытында ауыстырмағаны немесе оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұл қарастырылмаған. Қызметті оператор арқылы немесе құжаттандыру терминалы арқылы алуға болады.

Төл құжат рәсімдеу кезінде кәмелетке толған азаматтар 36 немесе 48 беттен тұратын төлқұжатты таңдай алады. 36 беттік төл құжат үшін мемлекеттік баж – 34 600 теңге, ал 48 беттік төл құжат үшін – 51 900 теңге. 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік төл құжаттың құны – 17 300 теңге.

Төл құжатты дайындаудың стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Қажет болған жағдайда жеделдетілген рәсімдеу қызметін пайдалануға болады. Астана, Алматы, Шымкент жәнеАқтөбе қалаларында төлқұжатты 1, 3 немесе 7 жұмыс күні ішінде жедел рәсімдеу мүмкіндігі бар. Облыс орталықтарында жедел рәсімдеу мерзімі 3 жұмыс күні, ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда 7 жұмыс күнін құрайды. Өтініш берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Жеделдетілген рәсімдеу қызметі қолданыстағы тарифтерге сәйкес қосымша ақыға көрсетіледі.

Балаға төлқұжат рәсімдеу үшін оның туу туралы куәлігі, ата-анасының бірінің жеке куәлігі және мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қажет. Өтініш берген кездеата-анасының бірінің қатысуы міндетті

Жеке куәлік рәсімдеу

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 16 жасқа толған кезде рәсімделеді.

Жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж алынбайды. Ал құжат жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 865 теңгені құрайды.

Қажет болған жағдайда жеке куәлікті де жеделдетілген тәртіппен рәсімдеуге болады. Ол үшін қолданыстағы жеделдік санаттарының бірін таңдауға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-shugalbay/press/news/details/1275372?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді