ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Маратұлы Ертаев жұмыс сапарымен Солтүстістік Қазақстан облысына келді.

Сапар барысында ведомства басшысы «Alaqeum» электротехникалық зауытына барып, онда өндірістік процестермен егжей – тегжейлі танысты. Министр қызметкерлердің еңбек жағдайларына және өңірге қоныс аударған азаматтарды жұмысқа орналастыру тәжірибесіне ерекше назар аударды.

Келесі кезекте Еңбек мобильділігі орталығына барды. Министрлік басшысы ұсынылған ақпаратпен танысып, орталықтың ағымдағы қызметімен танысып және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын бағалады.

Мемлекеттік саясатты іске асыру аясында қандастарды және СҚО-на қоныс аударушыларды қоныстанедыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Министр бұл бағыттағы жұмысты күшейтудің маңыздылыған атап өтіп, бұл Солтүстік Қазақстан обылысына сұранысқа ие кадрлар мен білікті мамандарды тартуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Сондай-ақ Асқарбек Ертаев 2024 жылы  біздің қаламызда ашылған қандастарды уақытша орналастыру орталығына барды. Орталық этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қажетті құжаттарды рәсімдеп, қандас мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруға арналған.

Министр мемлекеттік қолдау отбасының жаңа ортаға  бейімделуінің барлық кезеңін қамтуы керек екенін айтты.  Яғни құжаттарды рәсімдеу мен уақытша орналыстырудан бастап, жұмысқа орналасу, тұрақты табыс табу және өңірде өз бетінше өмір сүруге дейінгі мәселелерге қолдау көрсетіліуі қажеттілігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1275129?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді