Құрық ауылының «Жыланды» мүйісінде жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерде Құрық ауылы аумағындағы «Жыланды» мүйісінде қоқыс жиналып қалғаны туралы бейнематериал таралған болатын.

Құрық ауылы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан және жаз мезгілінде мұнда Маңғыстау облысының өзге аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ басқа өңірлерден көптеген демалушылар келеді. Әсіресе сенбі-жексенбі күндері жағалау аумағындағы адам саны бірнеше есеге артып, соның салдарынан тұрмыстық қалдықтардың жиналу жағдайлары орын алуда.

Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың назарында. Атап айтқанда, демалыс күндерінің өзінде «Таза – Қарақия» мекемесі тарапынан Құрық ауылының жағалау аумағында санитарлық тазалық және сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Әлеуметтік желіде көрсетілген «Жыланды» мүйісі аумағы да назардан тыс қалмайды. Бүгін, аталған аумақта жинақталған қоқыстарды шығару және аумақты тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Тазалау жұмыстарына 100 ге жуық адам мен 7 техника қатысты. Сондай-ақ, жаңадан қоқыс жәшіктеріде қойылды.

Айта кету керек, «Жыланды» мүйісі Құрық ауылынан солтүстік-батыс бағытта орналасқан табиғи нысан болып табылады. Бұл аумаққа демалушылардың көптеп келуі табиғи ортаға түсетін жүктемені арттырып отыр. Бұған дейін де аталған табиғи нысанда сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарына жастар, еріктілер және түрлі мекеме өкілдері атсалысқан.

Теңіз жағалауының тазалығы – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір демалушының ортақ жауапкершілігі.

Құрметті тұрғындар мен қонақтар! Демалыс барысында қоршаған ортаны таза ұстауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға және табиғи аумақтарға қоқыс қалдырмауға шақырамыз.

Таза жағалау – ортақ міндет!

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1275390?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді