Шымкент қаласының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Үздік теолог – 2026» республикалық байқауы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқаудың негізгі мақсаты – қоғамда зайырлы құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, сондай-ақ теолог мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету.

📌 Байқауға еліміздің 9 өңірінен 41 теолог қатысты. Оның 12-сі офлайн форматта, қалған қатысушылар онлайн түрде өз білімдерін сынады. Қатысушыларға діни білім деңгейін анықтауға бағытталған 3 бағыт бойынша сұрақтар қойылды.

🏅 Комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар:

🥇 І орын — 500 000 теңге
* Алиакбарұлы Ұлықбек — Шымкент қаласы
* Ботакараев Бауыржан Куанышбаевич — Түркістан облысы

🥈 ІІ орын — 350 000 теңге
* Халықов Медет Мұзапбарұлы — Түркістан облысы
* Назарбеков Ринат Токтамысович — Шығыс Қазақстан облысы

🥉 ІІІ орын — 250 000 теңге
* Бердібек Әсел Дидарқызы — Шымкент қаласы
* Ибрамгимқызы Сымбат — Жетісу облысы

⭐ «Белсенді қатысушы» номинациясы — 150 000 теңге:
* Кадесов Нұрасыл Нуржанович — Жетісу облысы
* Әмірбек Сұлтан Айдарәліұлы — Ұлытау облысы
* Койшыгулова Анар Тугелбаевна — Ақтөбе облысы
* Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы — Шымкент қаласы
* Қырықбаев Саян Батырұлы — Жамбыл облысы

Шара соңында Шымкент қаласы дін істері басқармасы басшысының м.у.а. Сарманов Ғалым Тахирұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

👏 Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Кәсіби жолдарыңызға толағай табыс, білім мен еңбектеріңізге береке тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/1275466?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді