
Таразда бұрын сотты болған азамат жазасын өтеушілерге түзу жолға түсу тәжірибесімен бөлісті
Жамбыл облысының полицейлері ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің№58 мекемесінде сотталғандармен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында жазасын өтеушілерге бостандыққа шыққаннан кейінгіәлеуметтік бейімделуі және заңға бағынатын өмір салтын ұстанудың маңыздылығыталқыланды.
Сондай-ақ сотталғандар алдында бұрын жазасын өтеп қойған азамат сөзсөйлеп, бостандыққа шыққаннан кейін қалыпты өмірге қайта оралу жолындағы өзтәжірибесімен бөлісті. Ол қазіргі уақытта есірткі қылмыстарының алдын алубағытында волонтерлік қызметпен айналысатынын айтып, қатысушыларды өмірінөзгертуге және қоғамға пайдалы іспен айналысуға шақырды.
Мұндай кездесулер сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға,қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қоғамға қайтабейімделуіне ықпал етеді.
Іс-шараға ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасыныңқызметкерлері, Тараз қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ,Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері жәнеҚылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысты.
Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жәнесалауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1275394?lang=ru

Жауап қалдыру