«Заң мен тәртіп»: Павлодар облысында бір тәулікте 826 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткен тәулікте Павлодар облысының полицейлері 826 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 348-і жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты. Оның ішінде 10 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Өңірде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жалғасуда. Патрульдік полиция ротасы мен батальонының жасақтары күн сайын кезекшілікке түсіп, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
– Авариялық-қауіпті учаскелерде қауіпсіздікті арттыруға ерекше назар аударылады. Қолданылатын әдістердің бірі – жүріс бөлігін жасанды түрде тарылту. Мұндай тәсіл бірқатар дамыған елдерде сәтті қолданылып келеді және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Жүріс бөлігінің тарылуы жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге, мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ынталандырады. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға ықпал етеді, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Оңғарбаев.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге жобаның мақсаттары туралы ақпарат беріп, жылдамдық режимін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді және туындаған сұрақтарға жауап береді.
– Қабылданып жатқан барлық шаралар қауіпсіз әрі бақылаудағы жол
ортасын қалыптастыруға бағытталған. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді, – деп толықтырды тәртіп сақшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1275354?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді