
Махамбет ауданында полиция қызметкерлері концерттік іс-шара кезінде есінен танып қалған тұрғынға дер кезінде көмек көрсетті.
Оқиға 6 тамыз күні сағат 22:00 шамасында аудан орталығындағы орталық алаңда өткен шара кезінде орын алған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Алмас Бердіғалиев пен полиция лейтенанты Саят Алдияр 44 жастағы тұрғынның кенеттен талып қалғанын байқап, бірден жанына барған.
Полиция қызметкерлері оны қызметтік автокөлікпен Махамбет аудандық ауруханасына жедел жеткізді.
Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі сауатты әрекеті тұрғынға қажетті медициналық көмекті уақытылы алуға мүмкіндік берді.
Адам өміріне қауіп төнген сәтте әр секундтың маңызы зор. Мұндай жағдайда жедел әрекет ету – полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1275391?lang=ru

Жауап қалдыру