ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮШЕЙТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Демалыс күндері Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстарын күшейтті.

Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиев патрульдік полиция батальоны экипаждарымен бірге Талдықорған қаласының көшелерінде рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында жол қозғалысы қағидаларының сақталуына ерекше назар аударылып, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Полицейлер жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, жылдамдық режимін сақтау, маневр жасау кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау, жаяу жүргіншілерге жол беру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

«Жолдағы қауіпсіздік – жай ғана талап емес, бұл әрқайсымыздың амандығымыздың кепілі. Рөлге отырған әрбір жүргізуші өзінің ғана емес, өзгелердің де өмірі үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Біздің басты мақсатымыз – айыппұл салу емес, қайғылы оқиғалардың алдын алу және адам өмірін сақтау. Сондықтан мұндай бақылау жұмыстары, әсіресе көлік қозғалысы жиілейтін демалыс күндері тұрақты түрде жалғасады», – деді Әбдіғани Сейдуалиев.

Жетісу облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушыларды асықпауға, тәртіпті сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1275156?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді