
-
- «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс 2026 жылғы 17 қыркүйекте сағат 16:00-де Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, №34 мекенжайында, Текелі қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткізіледі.
- Конкурсқа мынадай маршрут қойылады:
№2 маршрут: «Достық» шағынауданы – «Алатау» шағынауданы ,Ауэзов көшесі – Қонаев көшесі, «Горняцкий» шағынауданы.
- Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, автокөлік құралдарын меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер конкурс құжаттарының топтамасын алу үшін «Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтінімді мына мекенжай бойынша ұсынады: Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, №34, 4-кабинет.
- Конкурс құжаттарының топтамасын алуға өтінімдерді және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 7 қыркүйек, сағат 18:30-ға дейін.
- 2026 жылғы 21 тамызда сағат 15:00-де конкурстық комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/1275732?lang=ru

Жауап қалдыру