
Қаратал ауданы ПБ бастығы полиция майоры Ағзам Нұрсұлтанұлы
Құрметті Қаратал ауданының қонақтары мен тұрғындары!!
Қаратал ауданында 15 тамыздан бастап 20 тамызға дейин «Абайлаңыз, балалар!» атты профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар мен профилактикалық тексерулер жүргізілуде.
Рейд барысында жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне, мотоцикл және басқа да көлік құралдарын рұқсатсыз басқаруына, сондай-ақ өзге де құқықбұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.
Сонымен қатар, ата-аналармен және жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі ескертілуде.
Басты мақсатымыз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдер арасында құқықтық тәртіпті нығайту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/1275998?lang=ru

Жауап қалдыру