
2026 жылғы 15 тамызда сағат 23:20 шамасында Маңғыстау ауылы, Бесшоқы тұрғын үй массивінде орналасқан азық-түлік дүкенінде алкоголь өнімдерін сату қағидаларын бұзу фактісі анықталды.
Тексеру барысында белгіленген уақыттан кейін алкоголь өнімдерін өткізу дерегі анықталған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу белгіленген уақыт шектеулерін сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Заң талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында сауда объектілерінің иелеріне алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Құзырлы органдар тарапынан алкоголь өнімдерін заңсыз өткізу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша профилактикалық және бақылау іс-шаралары жалғасуда.
Ескерту: Кәсіпкерлік субъектілерін алкоголь өнімдерін өткізу тәртібін сақтауға, белгіленген уақыт шектеулерін бұзбауға және қолданыстағы заңнама талаптарын орындауға шақырамыз.
https://www.instagram.com/p/DcGdsTQCqYt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1275894?lang=ru

Жауап қалдыру