
ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесі
ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға тауарларды қайта өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі сақталған кезде ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
Қайта өңдеу мерзімі
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспауға тиіс.
Мерзім сақталмаған жағдайда
Салық кодексінде көзделген салықтық салдарлар туындайды.
Негізі: ҚР Салық кодексінің 523 және 524-баптары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1275641?lang=ru

Жауап қалдыру