Ақсай қаласының №5 ЖОББМ оқушылары мектеп жанындағы бау-бақша учаскесінен өнімдер алуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» жобасы аясында жазғы каникул кезінде Ақсай қаласының №5 ЖОББМ оқушылары мектеп жанындағы бау-бақша учаскесінде еңбек етіп, табиғатқа жанашырлық пен еңбексүйгіштік танытты. Оқушылар бау-бақшадағы жұмыстарға белсене қатысып, жерді күтіп-баптау, көшеттерді суару, арамшөптерден тазарту, өсімдіктерді күту сияқты жұмыстарды атқарды. Жаз бойы жасалған еңбектің нәтижесінде мектеп ауласындағы бау-бақша жайқалып, мол өнім алынды. Еңбектің нәтижесі – берекелі өнім!
Оқушылардың маңдай терімен өсірілген көкөністер мен басқа да өнімдер – олардың табандылығы мен жауапкершілігінің нақты нәтижесі.

Бұл жұмыс оқушыларға тек еңбек дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, жердің қадірін білуге және еңбектің нәтижесін бағалауға үйретеді.
Бүгінгі кішкентай еңбек – ертеңгі үлкен жауапкершіліктің бастауы.
Мектеп ауласын көгалдандыру мен абаттандыруға үлес қосқан барша оқушыларымызға алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1275836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді