
Күрес түрлерінен жаһандық дода 2026 жылғы 24 қазан мен 1 қараша аралығында елордадағы Barys Arena мұз сарайында ұйымдастырылады.
Байрақты бәсекеде еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен 30 салмақта жүлде сарапқа салынады. Әлем чемпионатына жүзден астам елден 900-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Осы орайда жарыстың ресми маскоты ретінде қыран бейнесіндегі Muzbalaq таныстырылды.
Әлем чемпионатының басты ерекшеліктерінің бірі – 18-23 қазан аралығында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиынының өткізілуі. Бұл жиынға әлемнің 350-ге жуық үздік балуандары қатысып, жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтайды.
Сондай-ақ әлем чемпионатының билеттері бүгіннен бастап «Яндекс» қосымшасы арқылы сатылымға шығады.
Еліміздегі ауқымды доданы отандық Qazsport телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1276215?lang=ru

Жауап қалдыру