Білім, бизнес және инвестиция: келешек құзыреттерге серіктестік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Nazarbayev университетінде дәстүрлі тамыз конференциясы аясында өткен «AI және еңбек нарығы: болашаққа қажетті білім мен құзыреттер» панельдік сессиясында «Astana Invest» Басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Мұхамеджанұлы баяндама жасады.

Сессияға Қазақстан мен шетелдің білім беру, бизнес және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысып, еңбек нарығының сұранысына сай кадр дайындау, жасанды интеллекттің білім беру саласына ықпалы, сондай-ақ бизнес пен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Сәбит Мұхамеджанұлы қазіргі еңбек нарығына қажетті мамандарды дайындау тек білім беру ұйымдарының ғана міндеті емес деді. Бұл бағытта білім беру саласы, бизнес және инвесторлар арасындағы тиімді серіктестік маңызды рөл атқарады.

Қазіргі таңда елорда колледждерінде 37 мыңнан аса студент болса, олардың 10 мыңнан астамы дуальды оқыту жүйесімен оқиды. Бұл формат теориялық білімді өндірістік тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығына қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

«Astana Invest» бастамасымен Астана қаласының Технологиялық колледжі, ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі және басқа да оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылған.

Бұл әріптестік студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне, ал жұмыс берушілердің қажетті мамандарды даярлау процесіне тікелей қатысуына мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1276001?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді