Кәсіпорынға барып еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 тамызда Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Әсел Әбдіғалиева «Радуга» ЖШС ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігіндегі еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді. Сондай-ақ, өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептеріне жасалған талдау сөз болды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері өңір кәсіпорындарында 16 жазатайым оқиға орын алып, 18 адам зардап шекті, оның ішінде 1 адам «Радуга» ЖШС кәсіпорнында болып отыр.

Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау — әрбір жұмыс берушінің тікелей міндеті әрі жауапкершілігі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1275886?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді